386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды

  • 151
  • UPD: 14:08, 27.11.2019
Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды president.kg

Оны Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайынан Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қарсы алды.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланған. Сондай-ақ екі елдің көшбасшылары баспасөз үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен бірлесіп «Ата-бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешені мен Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйіне барады.

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады», – деп жазды Б.Уәли.

Хабар 24 телеарнасы