384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

  • 373
  • UPD: 12:00, 29.11.2019
Демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Синоптиктер 30 қараша мен 2 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

Демалыс күндері батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады.

«Республиканың басым облысында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен және жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Ауа райының қауіпті құбылыстарынан бұрынғыдай түнгі және таңғы сағаттарда көрінуі 50...500 метр тұман сақталады. Тек батыста және дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауып, көктайғақ болады», – деп жазды Қазгидромет өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы