Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде күн күрт суытады

  • 340
  • UPD: 15:33, 30.11.2019
Елімізде күн күрт суытады utro.ru

Әсіресе, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында бұрқасын соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер осылай деді. Құтқарушылар қалааралық жолдардың көбі жабылуы мүмкін деп отыр. Сондықтан жолаушылар жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлағаны жөн. Қараша айының өзінде күннің қолайсыздығына байланысты қалааралық жолдар 15 рет жабылған. Биыл құтқару қызметіне 353 арнайы техника берілген екен. Бірақ соның өзі табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұруға дәрменсіз.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

– Қазір құтқару қызметі қажет техникалардың 40 пайызымен ғана қамтылған. Келесі жылы оның саны 58 пайызға көбейді деп болжануда. Бізге әлі көптеген жарақ керек. Биыл 70 өрт сөндіру көлігін сатып алдық. Әлі 670 машина қажет.

Хабар 24 телеарнасы