384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні

  • 314
  • UPD: 09:52, 01.12.2019

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренада ойып тұрып орын алуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өлшеусіз үлес қосты, қосып та келеді. Оның экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалары халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Бүкіл әлем Қазақ елін танып, оның бастамаларына қолдау көрсетті. Мемлекеттік мереке осымен 8-мәрте тойлануда.

Осыдан тура 7 жыл бұрын елімізде алғаш рет Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекелер қатарын толықтырды. Күнтізбедегі қызыл күн Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты мен оның өмірлік жолына арналды. Ел егемендігін тұғырлы еткен тұлға туралы қаншама кітап пен мақала жазылды. 

Елбасы негізін қалаған Лев Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті де шаралардан шет қалған емес. Мәселен, онда таяуда Мәжіліс депутаты, Елбасы туралы бірнеше еңбек жазған танымал ғалым, журналист Сауытбек Әбдірахманов «Көшбасшы феномені» тақырыбында дәріс оқыды. 

Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 1-желтоқсан ол біздің демократиялық даму тарихын жаңаша басталған күніміз бүкіл халықтық таңдау жасап, ел деп сенген ерге тізгін берген күніміз. Конституциялық талаптар бойынша Президенттік Республикаға айналған күніміз. Осындай күнге орайластырып, Гумилев атындағы университет басшылығы дәріс оқуға шақырғанын разылықпен қабыл алдым. Елбасының өмірі мен қызметі туралы студенттерге айтып бердім. 

Дихан Қамзабекұлы, Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры:

- Елдік дәрісті оқитын тұлғалар бұлардың барлығы негізі ақсақал жасындағы кезіндегі үлкен лауазымды қызметте болған азаматтар. Сонымен бірге тәуелсіздікті арнайы зерттеп жүрген азаматтар. Үшінші абыройы бар әлемдік деңгейдегі тұлғалар. 

Мұндағы мақсат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі қайраткерлігін, қоғамдық-саяси қызметі мен еңбектерін кеңінен насихаттап, жастарды ұлтжандылыққа баулу. Дәріске университет басшылығымен қатар, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, профессор-оқытушылар мен елорда жастары көптеп қатысты. 

Азат Теңгебаев, Л.Н.Гумилёв атындағы ЕҰУ 2-курс магистранты:

- Бірінші желтоқсан күні өте ерекше аталып өтуде. Себебі елбасы негізін қалаған Еуразия Ұлттық университетіне Н.Әбішұлының көп сіңірген еңбегі бар. Өзі келіп кезінде резина етікпен, осы жер университет болады деп, негізін салған болатын. Об біз үшін өте үлкен мәртебе. Алдағы уақытта осындай алғыр тапқыр білімді жастардың да шығуына себепкер Елбасы ағамыз. 

Сапалы білім тізгінін ұстап, еліне еңбегін сіңіргісі келген жастар үнемі қолдауға ие. Осы мақсатта 1993 жылы елбасы жарлығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалған болатын. Аталған бағдарлама жастардың шетелде білім алуына мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, еліміздің барлық білім беру мекемелерінде «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты республикалық ашық сабақтар мен дәрістер өткізіліп жатыр. 

Авторлары: Мейірлан Алтынбек, Нұрғали Мамурбаев

Хабар 24 телеарнасы