384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2 желтоқсан еліміздің басым бөлігінде жел, көктайғақ және бұрқасын күтіледі

  • 216
  • UPD: 08:40, 02.12.2019
2 желтоқсан еліміздің басым бөлігінде жел, көктайғақ және бұрқасын күтіледі

«Қазгидромет» РМК 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан территориясының басым бөлігі циклонның әсерінде болғандықтан дүйсенбі күні кей жерлерде қар жауады. Тек солтүстікте және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал, Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бурқасын, жел 18 м/с күшейеді.

Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Түркістан облысының кей жерлерінде, Алматы облысының Алакөл ауданында жел тұрып, 15-22 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

 

Хабар 24 телеарнасы