384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда маңындағы жол апаты: қаза тапқандар саны 7-ге жетті

  • 332
  • UPD: 12:23, 03.12.2019
Қызылорда маңындағы жол апаты: қаза тапқандар саны 7-ге жетті

Бүгін таңғы 5 шамасында Құмкөл-Қызылорда бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар автобусы аударылды.

Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға орында 6 адам қаза тапты. Ал 1 адам ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Автобус салонында 35 адам болған.

Көктайғақтың салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған. Бұған дейін 4 адамның қайтыс болғаны хабарланған еді.

Хабар 24 телеарнасы