376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы жол апаты құрбандарының саны артты

  • 566
  • UPD: 13:59, 03.12.2019

Қызылорда облысында аударылған автобустың 8 жолаушысы қаза тауып, 21 адам жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет отырысынан кейін тілшілер алдына шыққан Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай деді. Оның сөзінше, соңғы мәлімет бойынша апаттан  26 адам зардап шеккен. Сондай-ақ, автобуста мұнай компаниясының қызметкерлері отырғанын, ал жол апатына көктайғақтың себеп болғанын айтты.   

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР ішкі істер министрі:

– Еліміздегі жолдар үшін «Қазавтожол» компаниясы жауап береді. Алайда біз осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе, Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы кей жолдардың жекелеген бөліктері жабылғанын хабарладық. Күннің күрт жылынуына байланысты ол жақтарда жаңбыр жауды, ал түнде күн қайтадан суытты. Бұл аталған аумақтардағы көктайғаққа алып келді.

Хабар 24 телеарнасы