386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда маңындағы жол апаты: Қ.Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

  • 188
  • UPD: 13:38, 03.12.2019
Қызылорда маңындағы жол апаты: Қ.Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты zonakz.net

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында болған жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

«Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс», – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы