380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Ангела Меркельмен кездесті

  • 300
  • UPD: 20:48, 05.12.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия астанасы Берлинде канцлер Ангела Меркельмен кездесті. Ресми сапар аясында салтанатты қабылдау ұйымдастырылды.

Ангела Меркель Қасым-Жомарт Тоқаевты ел астанасындағы резиденциясында қарсы алды. Айта кетейік, бұл президенттің Еуропалық Одаққа жасаған алғашқы ресми сапары.  Германия әлемдік саясатта таразы басын тең ұстайды. Бірде-бір елмен қарама-қайшылығы жоқ. Біздің мемлекет те солай. Көпвекторлы саясаттың пайдасын көріп келеді. Анығында Қазақстан мен Германия батыс пен шығыс арасындағы кейбір кикілжіңдерге араласпайды. Тараптарды тек татуластырып, бітімгерлікке шақырады. Бұл елмен арадағы тауар айналымы соңғы жылдары күрт төмендеп кетті. Былтыр өзара сауда-саттық 2,1 млрд АҚШ доллар болған. Биылғы 9 айда 1 жарым миллардқа жуықтады. Германиялық тарап қазақ мұнайын бұрынғыдай көп көлемде тұтынбай отыр. Президент осы олқылықтың орнын толтырып, инвестиция ағымын арттыруды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы