375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 415
  • UPD: 09:18, 08.12.2019
Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды tengrinews.kz

8 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын жел күшейіп, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

8 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с. Осы күні Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ болады. Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

8 желтоқсан Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с дейін күшейеді.

8 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

8 желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын жүреді.

Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады. Осы күні түнде Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні - 15-20 м/с.

Ақпарат көзі: «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы