Тоғызыншы желтоқсанда солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде Қазақстан территориясы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттар мен жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі.
Фронттардың орнын антициклон басып, республиканың оңтүстік, артынша орталық, шығыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын тыйылады, бірақ тұман мен көктайғақ сақталады. Биіктегі ауа массаларының ағымы батыс жақтан болғандықтан ауа температурасы біраз төмендесе де орташа көп жылдық температура көрсеткішінен жоғары болып қалады.
Қазгидромет