425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атаулы әлеуметтік көмек жөнінде Үкімет сағаты өтіп жатыр

  • 1497
  • UPD: 12:00, 09.12.2019

Бүгін Парламент Мәжілісінде атаулы әлеуметтік көмек жөнінде Үкімет сағаты өтіп жатыр,  деп хабарлайды «Хабар 24»

Баяндамашы: еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Мирлан Алтынбек, тілші:

– Ұсыныстар көп. Ведомство басшысы өз сөзінің басында Қазақстанның әлеуметтік моделін қалыптастырудың 3 кезеңін еске салды. Соңғы қабылданған заң жобасында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларға ақы төлеу көзделген. Жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде: 4 бала – 42 496 теңге, 5 бала – шамамен 53 мың теңге, 6 бала – 64 мың теңге, 7 және одан да көп баласы барларға 74 388 теңге тағайындалады.  

Хабар 24 телеарнасы