380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әрбір жастың қол жеткізген жетістігі – тұтас мемлекеттің табысты болашағы – Қ.Тоқаев

  • 284
  • UPD: 13:52, 10.12.2019

Елордада өткен Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген кіші буын өкілдері қатысып, «АrtHUB» шығармашылық орталығында тың бастамаларымен бөлісті. Экспо кешенінде орналасқан арнайы павильонның жалпы аумағы 2 жарым мың шаршы метр. Мұнда мемлекет басшысының назарына жастар жылында қолға алынған ілкімді істер таныстырылды. 

Биыл еліміздегі үш ірі қалада 3 мың жас жалдамалы пәтерге ие болды. Оған 13 жарым млрд теңге бөлінді. Ал «Дипломмен ауылға» жобасының қатысушыларына 1 жарым мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде бюджеттік несие берілді. Сонымен қатар, «Жастар - ел тірегі» жобасы жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік қолдау шараларымен 209 мың кіші буын өкілі қамтылды. Бұдан өзге де ауқымды жұмыстар қолға алынды. "Ал алдағы жылы студенттердің шәкіртақысы 25 процентке өсіп, мемлекеттік қолдау шаралары жетілдіріледі деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жоғарғы оқу орындары студенттерінің шәкіртақысын өсіру - өзекті мәселе екенін білемін. 2016 жылдан бері шәкіртақы көлемі көбейтілмей келді. Сондықтан 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, оны 25 процентке өсіруді тапсырамын. Колледж студенттерінің де шәкіртақысы көбейтіледі.

Хабар 24 телеарнасы