411,57 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні

  • 1087
  • UPD: 08:32, 16.12.2019

Бүгін елімізде ұлық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Осыдан тура 28 жыл бұрын еліміз егемен мемлекет атанды. Егемендікпен бірге ел дамуының жаңа бағыттары айқындалды. Қазақстан өзге мемлекеттермен шекарасын айқындап, түрлі әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар іске асырыла бастады.

Қазақ елі тәуелсіздік алған тұста алдымен шекарасын бекіту жұмыстарын бастады. Елдестірмек елшіден демекші. Сол кезеңде елшілердің ролі ерекше болды. Қазақстан мен Қытай шекарасын айқындап, оны заңдастыру бойынша келіссөздерге қатысқандардың бірі Қуаныш Сұлтанов. 

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Қытайға елші болып барамын деген үш ұйықтасам түсіме кірмеген нәрсе және Қытай маманы емеспін. Мына шекара үшін барасың деп Елбасы айтты. «Келіссөз жүргізу керек. Жоғары дәрежеде, білімді дәрежеде оларды мойындатып келіссөз жүргізетін мемлекеттік қайраткер деп жіберіп отырмын сен» деген кезде оған не айтасың. Шекараны заңды түрде бекітудің маңызы ерекше. Ал енді Қытайдың төңірегінде 15 мемлекет бар шекараласып жататын. Қытай оған мүдделі емес. Ал біз мүдделіміз және бізде даулы участіктер болды.

Дегенмен, Қазақстан мен Қытай арасындағы  шекара бойынша келіссөздер сәтті аяқталды. Ал даулы учаскелерге қатысты қосымша келісімдер жасалып, ел территориясын бекітудегі бұл маңызды мәселе өз шешімін тапты.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Мысалы, бір даулы участокпен жасалған қосымша шекаралық бір келісімнің өзінің көлемі 1300 бет. Қасым-Жомарт Кемелұлы ол кезде министр әрбір бетіне қол қойды. Сондықтан ол өте қиын, күрделі жұмыс.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары халықтың демографиялық ахуалы төмен болды. Мәселені оңтайлы шешу үшін халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар дайындалды. Осы тарапта медицинаның дамыуна өзіндік үлес қосқан жеке тұлғалар бар. Солардың алды, ел естімеген ем-дом түрлерін қолданып, Қазақстанда жасанды ұрықтандырудың негізін салған - Салтанат Байқошқарова. 

Салтанат Байқошқарова, биология ғылымдарының докторы, эмбриолог, репродуктолог дәрігер:

- Бедеулікті емдеудегі сол кезеңдегі ең замануи технологияны елімізге алып келуге мені іштей намыс жетеледі. Өйткені күнделікті бедеу отбасылармен кездесемін ғой. Күнделікті 15-20 адам «біз ана болғымыз келеді, әке болғымыз келеді» деп келеді. Солардың ішінде біз 10-15% көмектесе алатынбыз. Ол кездегі технологиялар қарапайым еді ғой. Дәрі де әлсіз, ем де әлсіз. Операцияның өзі нәтиже бермейтін. 

Заманның қиындығына, құрал-жабдықтар мен мамандардың жоқтығына қарамастан намысқа тырысқан Салтанат Байқошқарова қазақ тарихындағы алғашқы жасанды ұрықтандыру орталығын ашты. Осылайша бала сүюді армандаған жұптарға  үміт отын сыйлады.

Салтанат Байқошқарова, биология ғылымдарының докторы, эмбриолог, репродуктолог дәрігер:

- Бір күні ойладым. Шіркін, сонау Англия жасап жатыр. Алғашқысы жеңіске жетті. Одан кейін Кеңес үкіметінде Мәскеуде екі лаборатория ашылды. Неге біз қазақтар қолымыздан келмейді? Адамның қолынан келген нәрсе қазақтың да қолынан келу керек деп соған намыстанып++06:00 сөйтіп іске көштім. Ұрпақ әкелудегі жаңа технология егемендік жылдарымен тікелей байланысты. Ең алғашқы ашылған жылы біз негізі 22 наурыздан бастап қимылдай бастады. 18 сәуір 1995 ЭКОМЕД емханасын тіркеп, сол кезден бастап тірлік істеп, күзге таман алғашқы операциялар басталды. Сөйтіп лаборотория жұмысы басталғанна кейін 9 айдан кейін Қазақстандағы алғашқы экстракороральді ұрықтандыру әдісімен бала дүниеге келді. Ол 31 шілде 1996 жыл.  

Халықтың демографиялық жағдайын жақсартуға ел қазынасынан миллиардтаған қаржы бөлінді. Нәтижесінде 2002 жылдан бастап туу көрсеткіші жыл сайын шамамен 5% арта бастады. Ал өткен жылы елімізде 400 мыңға жуық сәби дүниеге келді. 

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы