376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Central Asia's Got Talent» шоуының жеңімпазы анықталады

  • 229
  • UPD: 09:23, 22.12.2019

22 желтоқсанда Орта Азиядағы ең таланатты адамның есімі белгілі болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өнер жарысы жарты жылға созылып, мыңдаған адам бағын сынады. Жалпы бұл жоба әлемнің 70 елінде көрсетіледі. Жүзден жүйрік шыққан өнер иесі 10 млн теңге жүлдені алады. Одан бөлек, 4 елдің қатысушылары арасынан бір үздік анықталып, 3  млн теңгеден беріледі. Шоудың финалдық сайысын «Хабар» арнасынан көре аласыздар. Біздің елде өткен шоуға Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан талантты жандар әдейлеп келді. Жобаның мақсаты – танылмай жүрген таланттарды тауып, жұлдызын жағу. Шешуші сынға 12 адам өтіп, олар Бейбітшілік және келісім сарайында дайындықтарын пысықтап жатыр. Келіп, шоуды тамашалаймын дегендерге есік ашық.

Далер Шафхатов, жобаға қатысушы (Өзбекстан):

- Нұр-Сұлтан қаласына келген бойда дайындықты бастадық. Басында уақытымыз тығыз болып, уайымдап едік. Қазір бәрі жақсы. Қызу дайындыққа кірістік. Бұған дейін бірнеше байқауға қатысқан болатынмын. Испанияда, Латвияда өнер көрсеттім. Алайда, мен үшін ауқымы кең, күрделі байқау осы болайын деп тұр. Қатты толқып жүргенім рас. Жеңістен үмітім бар.

Хабар 24 телеарнасы