378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боксшы Айдос Ербосынұлы үш белдігін қорғап қалды

  • 650
  • UPD: 14:52, 22.12.2019

Ешкімге дес бермеген Айдос  Ербосынұлы WBA, WBC  және WBO алтын белдігі жолындағы жекпе-жекте қарсыласын есеңгіретіп тастады.

Ресейдің Красноярск қаласында венесуэлалық Омар Гарсиямен кездескен қазақ боксшысы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Айдос үш бірдей алтын белдігін бәске тіккен еді. Қарсыласы Омар да осал саналмайтын. Реті келсе әлгі үш белдікті де тағып алуды жөн көрді. Алайда салған жерден Гарсияға тап беріп, ақыры талдыра жаздап, сегізінші раундта төрешілер бәсекені тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл жиырма сегіздегі Айдостың кәсіпқой рингтегі он үшінші жекпе-жегі еді. Бұған дейін қарсылас шақ келтірмеген Ербосынұлы тағы да өз шоқтығының биік екенін дәлелдеді.

Хабар 24 телеарнасы