376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

  • 284
  • UPD: 10:15, 27.12.2019

Бұл туралы Қ.Тоқаев twitter-де жазды. 

«Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады», – деді Президент.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 7:22 шамасында Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны 9 адам.

Хабар 24 телеарнасы