380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұшақ апатынан аман қалғандар оңалып келеді

  • 322
  • UPD: 08:07, 29.12.2019

Ұшақ апатынан аман қалып, ауруханада ем қабылдап жатқан жандар оңалып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда жетеуінің жағдайы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, кейбір науқастар бүгін ауруханадан шығарылады.

Бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы әуежайына апатқа ұшыраған ұшақта болған жолаушылардың туған-туысқандары келіп қонды. Арнайы рейспен қалаға 28 адам тегін жеткізілді. Олардың арасында психолог маманы да бар. Алматы әуежайына қала тұрғындары  гүл шоқтарын әкеліп қойды. Сондай-ақ қалада қаралы жиын болды. Кеше апатқа ұшыраған 6 адам Алматы көп салалы клиникалық ауруханасына жеткізіліп, оларға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетілген.

Ақболат Даба, зардап шегуші:

Мен оныншы рядта тұрдым да, сол сынған бөлігінде. Ашық тұрған ғой. Қарасам ешкім жоқ. Бірінші болып шықтым. Қасымда әйелім жылап жатқанын естідім. 5 айлық қызым болды. Іздедім. Аяғымның астында жатыр екен. Көтеріп алдым, бірақ өліп қалды деп ойладым да, әйеліме көрсеттім. Сол кезде бір-екі жігіт жүгіріп келді де, «ана үйге барайық» деді. Сосын әйелім бір жағына көтеріді. Қызымды сол біреу жүгіріп алып кетті ары қарай. Сол жерде біз жедел жәрдем күттік.

Қазіргі уақытта бір адам денсаулығының жақсаруына байланысты шығарылды. Екі науқас әзірге жансақтау бөлімінде жатыр.

Жұмахан Молдақұлов, «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» МКК басшысы:

- Қазіргі уақытта ол екі науқас та тұрақты, бірақ ауыр жағдайда. Реанимация бөлімінде толық қаралып, емделеді. Екі науқас таңертеңгілік қараудан кейінгі консилиумнан кейін біреуі нейрохирургия бөліміне, біреуін ттравматология бөліміне ауыстырдық. Ішінде жүкті әйел бар. Ол 19-20 апталық. Қазіргі жағдайда өзіне де және ішіндегі бөпесіне де ешқандай қауіпті жағдай жоқ.

Ал, ұшақ апатқа ұшыраған жерді арнайы қызмет өкілдері қоршауға алған. Бөгде адамға кіруге рұқсат жоқ. Арнайы тексеріс комиссиясы жұмысын жалғастырып жатыр.

Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев

 

Хабар 24 телеарнасы