375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы мерекелік демалыс күндері ауа райы қандай болады

  • 383
  • UPD: 15:01, 30.12.2019
Алдағы мерекелік демалыс күндері ауа райы қандай болады

31 желтоқсан мен 2020 жылғы 5 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

«Жаңа жыл түнінде солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы жоғарылап, күндіз көптеген аймақтарда 0-8 градус аяз, оңтүстікте 0-10 градус жылы болады», - деп хабарлады РМК «Қазгидромет».

Атлантикадан және Жерорта теңізінен ығысатын атмосфералық фронттармен қар, бұрқасын, екпінді батыс желі, сонымен қатар республикамыздың оңтүстік облыстарында көктайғақ күтілсе, ауа температурасының төмендеуі күтілмейді.

Хабар 24 телеарнасы