376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райы: мамандар жолда абай болуды ескертеді

  • 478
  • UPD: 10:52, 05.01.2020
Ауа райы: мамандар жолда абай болуды ескертеді Meteoprog

Қазақстанда алдағы күндері құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын болса, солтүстік және солтүстік батыста қар жауады. Казгидромет мамандарының болжамынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай сынды бірқатар облыста жылдамдығы секундына 20 метр болатын жел соғады. Мамандар жолда абай болуға шақырады. Себебі көктайғақ қаупі де жоқ емес.

Хабар 24 телеарнасы