423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл елімізде көп балалы отбасыларға 178 млрд теңге қаражат бөлінеді

  • 962
  • UPD: 21:52, 05.01.2020

Атаулы әлеуметтік көмек тек шын мұқтаж отбасыларға көрсетіледі. Жаңа жылда жаңа талапқа негізделген жүйе үш бағытқа топтастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атаулы әлеуметтік көмектің өзі отбасының барлық мүшелері үшін жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Биыл елімізде көп балалы отбасыларға шамамен 178 млрд теңгеден аса қаражат бөлінеді.

Қазақстанда былтыр 2 млн-нан аса отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Бұл азаматтар жайлы ақпараттар деректер базасында сақталған. Биыл олардың саны өзгеруі мүмкін. Себебі, мемлекет аталмыш төлем ережесін әбден пысықтап, оны қолданысқа енгізді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінетіндердің көбін атаулы әлеуметтік көмек жайы алаңдатады.  Аудандық әкімдіктер мен «Жанұя» орталығына барған вице-премьер Бердібек Сапарбаев ақпарат әрбір жанға дұрыс жеткізілуі керектігін қадап тапсырды.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Адамдар түсіндіріп айтсын. Қолдарына қағазды берсін. Ол қағаз жеткіліксіз болса, осы жерге шақырту керек.

Атаулы әлеуметтік көмек жаңа жылда жаңаша көрсетіледі. Үш бағытқа топтастырылған. Мемлекет үшін ең тиімдісі осы.

Бахтияр Ғарифуллин, қалалық жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары:

Мысалы, отағасы 100 мың теңге табады. Анасы үш жасқа дейінгі бала күтімімен үйде отыр дейік. Енді осы 100 мың теңгені жанұядағы 6 адамға бөлеміз. Осылайша, орташа кіріс – 16 мың теңге шығады. Әр адам үшін. Халық атаулы әлеуметтік көмек азайып қалды деп ойлайды ғой. Олай емес. Табысты есептеместен берілетін 10500 теңге бар. Және кепілдендірілген әлеуметтік пакетті де ұмытпау керек.

Бірақ, кіріс хақында ата-аналардың өз айтары бар.

Сәуле Әліп, ата-ана:

- 2500 теңге жолақыны алып тастау керек. Көптеген ата-аналар пәтер жалдап жүр. Сол пәтерге шыққан шығынды кіріс деп қосады. Қоспау керек, менің ойымша. Мүгедек балаларға берілетін 10500 теңгені санамаса. Ол 10500 теңге деген қазір ақша емес. Бір дүкенге кіріп шықсаңыз, балалардың бір рет жейтін тамағына да жетпейді. Жетпейді 6 балаға.

Енді атаулы әлеуметтік көмек алам десеңіз – балаңыз үш жастан асқанда жұмыс істеуге міндеттісіз. Жалпы биыл көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу үшін қазынадан 177,6 млрд теңге көзделген. Жәрдемақыны 346,8 мың отбасы алады.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы