376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Парсы шығанағы аймағындағы ахуалға байланысты кеңес өткізді

  • 191
  • UPD: 15:38, 08.01.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Таяу Шығыстағы елшіліктері мен ондағы қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақордада өткен кеңесте Президент осындай пәрмен берді. Жиынға Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі және өзге де ведомство басшылары қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Парсы шығанағы аймағындағы ахуалдың күрт шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, осы іс-қимылдарға қатысушы тараптардың барынша ұстамдылық танытуы қажеттігін айтып, қақтығыстарды дипломатиялық әдіс-тәсілдермен, ең алдымен бұл іске БҰҰ араластыра отырып, сондай-ақ екіжақты байланыстар мен келіссөздер арқылы реттеу мүмкін екенін атап өтті. Егер халықаралық жағдай шиелене түссе, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму және қорғаныс әлеуетін күшейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы