380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азық-түлік бағасының өсуіне не себеп

  • 379
  • UPD: 10:20, 14.01.2020

Қаңтар айы басталысымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбаттады.

Мамандар мұны сұраныстың артуынан деп отыр.

Бағасы қымбаттаған азық-түліктердің қатарында қарақұмық, жұмыртқа, макарон мен сүзбе, сары май, пияз, сондай-ақ картоп пен сәбіз өнімдері бар. Әсіресе, қарақұмықтың бағасы 1 пайызға өскен. Шарықтап кетпесе де, күнделікті тұтынатын азық-түліктің қымбаттауы қалтаға әжептеуір салмақ дейді тұрғындар.

Қуаныш, қала тұрғыны:

– Зейнетақы өскенімен, тауарлардың бағасы өсіп жатыр. Зейнетақы өскені дұрыс. Бірақ бағалардың өскені қарапайым халыққа қиын қиын.

Жапар, қала тұрғыны:

– Ет, азық-түлік, май, ұнның бағасы өте жоғары, қымбат. Бұл халыққа ауыр тиіп жатыр.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы жіті бақылауда дейді қала әкімдігінің мамандары. Бағаларды тұрақты ұстап тұру мақсатында алдын ала 12 мың тонна көкөніс сатып алынған. Бұл өнімдер жексенбілік жәрмеңкелерде арзандатылған бағамен сатылуда.

Қарлығаш Әбдіжаппарова, инвестиция және кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:

– Жүргізілген зерттеулерге қарағанда биыл бағаның өсуіне көкөністер мен дәнді дақылдардың аз жиналуы себеп болып отыр. Жаз өте ыстық, құрғақ болып, бұл жағдай жиын-терінге әсер етті. Оның үстіне алдын ала сатып алынған көкөністердің қоры да азайып келеді.

Дегенмен жергілікті биліктің айтуынша, қаланың тұрақтандыру қорында жеткілікті мөлшерде қарақұмық, өсімдік майы бар. Нарық бағасы белгіленген деңгейден асып кеткен жағдайда, қордағы азық-түлік саудаға шығарылады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев, Радик Жакупов

Хабар 24 телеарнасы