376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік кадр резервіне өту – бұл халық үшін аянбай еңбек ету – Қ.Тоқаев

  • 110
  • UPD: 11:43, 15.01.2020
Президенттік кадр резервіне өту – бұл халық үшін аянбай еңбек ету – Қ.Тоқаев

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің кадр резервіне енген 300 жаспен кездесу өткізіп жатыр.

Айта кетейік, өткен жылы ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік кадр резерві құрылатынын мәлімдеді. Ал сол жылдың тамыз айының соңында Қ.Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Қыркүйек айында Президенттің жастар кадр резервіне өтінім қабылдау басталды. Бүгінде Президенттің жастар кадр резервіне енген 300 қазақстандық анықталған.

Жеңімпаздардың орташа жасы - 31. Жоба жеңімпаздарының толық тізімін Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтынан көруге болады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы былай деді: «Кадрлық резервке өту дегеніміз жоғары лауазымды қызметке орналасу ғана емес. Бұл ұлт үшін, Ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу деген сөз. Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі».

Хабар 24 телеарнасы