376,49 406 5,86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі кейбір аймақтарда жол жабық тұр

  • 717
  • UPD: 11:23, 18.01.2020
Еліміздегі кейбір аймақтарда жол жабық тұр

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі кей өңірлерде жолдар жабылды. Нұр-Сұлтан қаласынан Қарағанды және Павлодарға қатынау әзірге мүмкін болмай тұр.

Сондай-ақ Ақмола облысында жекелеген жол бөліктерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұрқасын салдарынан Шығыс Қазақстан облысында да республикалық маңызы бар тас жолдар жабық тұр. Осы орайда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хабар 24 телеарнасы