420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан экономикасына реформа қажет – Қ.Тоқаев

  • 883
  • UPD: 13:57, 24.01.2020

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы осылай деді.

«Бүгінгі таңда құрылыс, сауда және көлік салаларында жақсы өсім тіркелген. Дегенмен, еңбек өнімділігінің төмен болуы басты проблемалардың бірі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент еліміздегі шикізаттық емес өнімдер аз экспортталатынына да тоқталды.

Мемлекет басшысының айтуынша, сол себепті экономикалық өсімнің сапасын арттыру үшін салалық проблемаларды шешуді жалғастыру керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев,  Қазақстан Республикасының президенті: 

- Реформалардың жүзеге асырылу қарқыны баяулағанын мойындау керек. Халықаралық және отандық сарапшылар осындай тұжырымға келген. Сондықтан Қазақстан экономикасына терең реформа жасауға бағытталған бағдарлама әзірлеу маңызды. Бізге проблемаларды нақты анықтауға және оларды шешуге мүмкіндік беретін жаңа экономикалық бағыт керек. Реформаларды іске асыру үшін ең алдымен жігер керек. Үкімет осы қасиетті көрсетеді деп ойлаймын. Басқа жол жоқ. Өйткені уақытымыз да жоқ.

Хабар 24 телеарнасы