423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 83 жол учаскесінде қозғалыс шектелді

  • 605
  • UPD: 10:39, 27.01.2020

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі 83 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды.

Оның 49-ы республикалық, ал 34-і облыстық маңызы бар жолдар. Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, қар құрсауында қалған 50-ден аса техника қауіпсіз жерге шығарылып, 300-ден аса адам құтқарылған. Оның 41-і балалар. Ал құтқару жұмыстарына жұмылдырылған адамдар саны мыңнан асады. Бұған қоса 800 арнайы техника қар қалың түскен аумақтарда тынымсыз жұмыс жасап жатыр.

Рустамбек Амрин, ҚР ІІМ өкілі:

– Қардың қалың түсуі мен жел екпінің күшеюі жол қозғалысына кәдімгідей кедергі жасап жатыр. Оның алдын алу мақсатында қаңтардың 24-і мен 26-сы аралығында күшейтілген режимдегі жұмысқа кірістік. Әсіресе Көкшетау мен Нұр-Сұлтан қалаларын қосатын республикалық тас жолдағы жағдай қиын. 500-ге шуық көлік қардың құрсауында қалып қойды. Осыған байланысты еліміздің алты өңірінде жедел штаб құрылды. Байланыс желісі жұмыс жасап тұр. 

Ал Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолындағы көліктер патрульдік полиция батальоны экипажының көмегімен діттеген жерге жетті. Тәртіп сашылары 250 көлік пен 300 көлік құралы ілескен керуенді елордаға дейін алып келді. Қар тазалайтын техника жолды ашып отырды. Ал дәл осылай Көкшетаудан шыққан керуен сәтсіздікке ұшырады. Макинск қаласының маңында көліктердің бірі қарға барып қалды. Оған артында келе жатқан 8 темір тұлпар соғылып, ірі жол апаты болды. Нәтижесінде 1 адам дене жарақатын алып, Бұланды аудандық аурузанасына жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы