376,49 406 5,86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өседі

  • 953
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өседі

Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгідей 40 мыңның емес, 70 мың теңгенің шамасында болады. Мәжілісте өткен жиында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді.

Айта кетейік, халықаралық Кейтц индексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері орташа деңгейдің 30 процентіне тең болуы тиіс. Қазір бұл көрсеткіш – елімізде 23 процент. Сондықтан орташа жалақы да өсуі қажет. 2023 жылға қарай оның көлемі 223 мың теңгеге жетеді деп болжанып отыр.

Біржан Нұрымбетов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Ең төменгі жалақыны өсіру шығынды қажет етеді. Бюджеттік мекемелерде өседі. Жеке табысқа салынатын салық та өседі. Есебі шығады. Егер миллиондаған адам жалақысын көбейтетін болса, ол ешқайда кетпейді.

Жиында депутаттар 1 немесе 3 баласы бар отбасыларға да жәрдемақы беру мәселесін көтерді. Үкімет өкілдері бұл бастаманы жүзеге асыру жолдарын қарастырып жатқанын айтты. «Ең алдымен мемлекеттің мүмкіндігіне қарай жағдайы жұтаң отбасылар жәрдемақы алуы мүмкін. Дегенмен барлығына біркелкі төлеу жайы қарастырылады деді. Бұдан бөлек, басқосуда әлемді алаңдатқан коронавирус дерті мен басқа да вирустық инфекциялардың алдын алуға 1 жарым миллиард теңге бөлінетіні айтылды. Бұл қаржыға қосымша медициналық жабдықтар сатып алынбақ.

Хабар 24 телеарнасы