429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда теракт жасамақ болған бес азамат ұсталды

  • 802
  • UPD: 13:54, 03.02.2020
Қазақстанда теракт жасамақ болған бес азамат ұсталды

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 27 қаңтарда Қарағанды және Тараз қалаларында терроризм күдігімен деструктивті діни ағымның 5 өкілін ұстап, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды.

Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған.

Көрсетілген адамдарға террористік топты құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған. Тергеу жалғасуда.

Ақпарат көзі: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы