412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


4 ақпан – Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні

  • 1240
  • UPD: 09:16, 04.02.2020
4 ақпан – Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні Ivona

Қазақстандағы әрбір жүзінші адам обыр дертімен күресіп келеді.

Елдегі 180 мың адам түрлі ісік ауруларына шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер жыл сайын кесел белгілері бар 35 мың адамды тіркейді екен. Өкінішке қарай, ауруды жеңіп, құлан-таза айығып кететіндердің қарасы аз. Жыл сайын шамамен 15 мың адам жаман аурудың құрбаны болады. Ал мемлекеттен тегін ем-дом мен скрининг жүргізу үшін 40 млрд теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 1800-ге тарта шығысқазақстандық, 1600-ден аса алматылық тұрғын ісік ауруына шалдыққан. Дерт дендеген өлкелердің бірі – Қарағанды облысы. Мұндағы халықтың 1200-ден астамы обырдан емделіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы