432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Полиция Масанчидегі жағдайды толық бақылауға алды – Бас прокуратура

  • 669
  • UPD: 13:51, 08.02.2020

Мемлекет басшысы мәлімдеме жасаған жиыннан кейін өкілетті орган басшылары брифинг өткізді. ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай төбелес кезінде 8 адам қаза тапқанын, Қордай ауданы Масанчи елді мекенінде оқиға орнында 47 адам ұсталғанын мәлімдеді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Үкіметтік комиссия басшысы Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына аттанғанын, барып, мәселенің мән-жайын білгеннен кейін ресми мәлімдеме жасайтынын жеткізді. Алыпқашпа әңгіме таратпауды өтініп, тәртіпке бағынбағандар жауапкершілікке тартылатынын айтты.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев зардап шеккен азаматтарға құқықтық көмек көрсетілетінін жеткізді. Қазір тәртіп сақшылары жағдайды толық бақылауға алды деді.

Болат Дембаев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Кейбір азаматтар жалған ақпарат таратып, болған жағдайды өз пайдасына бұрмалауда. Құқық бұзуға қатысты үндеулер де жоқ емес. ҚР Конституциясына сай, ұларалық қарым-қатынасқа кері әсерін тигізетін кез келген әрекет заңға қайшыға келеді. Кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Хабар 24 телеарнасы