417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайдағы бүлік құрбандарының саны артты

  • 751
  • UPD: 11:05, 09.02.2020
Қордайдағы бүлік құрбандарының саны артты

Кейінгі мәліметтерге сәйкес, Жамбыл облысындағы жаппай төбелестен 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағында төтенше жағдай жарияланды. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Өңірдегі бірнеше ауылдың тұрғындары арасындағы кикілжің салдарынан кейінгі жағдайға техногендік сипат беріліп отыр.  Қарасу, Қаракемер ауылдарының арасында бірнеше жерде бақылау бекеттері қойылған. Кірген-шыққан көліктер қауіпсіздік мақсатында тексеріліп жатыр. Әскерилер, төтенше жағдай саласының қызметкерлері, өрт сөндірушілер, полицейлер түні бойы жұмыс істеп, тыныштықты күзетіп шықты.

Хабар 24 телеарнасы