429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қордай ауданында төтенше жағдай сақталады

  • 903
  • UPD: 11:35, 11.02.2020

Қордайда төтенше жағдай әлі сақталады. Полиция мен ұлттық ұлан жасақтары аудандағы жұмысын әзірге жалғастыра береді.

Соңғы 2 тәулікте атқарылған шаруаны баяндаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді. Жұртты арандатып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғандар, билік өкілдеріне қарсы күш қолданып, адам өлтіргендер бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды. Бас прокуратураның жетекшілігімен ведомствоаралық топ құрылып, кінәлілер іздестіріліп жатыр. Ресми дерекке сәйкес қақтығыс салдарынан 10 адам қаза тауып, 140-тан астамы жараланған. Зардап шеккендердің кейбірі шекара асып, қырғызстандық дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазір олар елге қайтарылып, қажетті ем-домын алып жатыр. Бүлінген дүние-мүлік те қайта қалпына келтіріледі. Тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіледі. 

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:

- Шығындардың барлығын заңға сәйкес төлейтін боламыз. Асыраушысынан айырылған отбасыларға көмек көрсетіледі. Ең үлкен мәселе - өртенген үйлерді, кәсіпкерлік орындарды қалпына келтіретін жергілікті құрылыс компания болады. Кім де кім өздері саламын десе келісім-шарт жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы