439,09 487,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақша аудару жүйелері арқылы Қазақстанға Ресей мен Оңтүстік Кореядан 200 млрд теңге жіберілген

  • 220
  • UPD: 11:04, 17.02.2020
Ақша аудару жүйелері арқылы Қазақстанға Ресей мен Оңтүстік Кореядан 200 млрд теңге жіберілген

Биыл ақша аударымдарының жалпы мөлшері 5%-ға азайды, деп хабарлады ranking.kz.

Ал 2019 жылы ақша аударымдарының халықаралық жүйелері арқылы шетелдерден Қазақстанға жіберілген қаржы сомасы 344,6 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 4,8%-ға аз.

Ресейден Қазақстанға жіберілетін ақша аударымдары бірден 28,5%-ға азайған. Дегенмен бұл ел Қазақстанға ақша аудару жағынан әлі де көш бастап тұр. Ресейден жіберілген қаржы көлемі 129,6 млрд теңгені құрайды. Одан кейінгі орында Оңтүстік Корея тұр, 65,7 млрд теңге аударылған. Үшінші және төртінші орындарды Өзбекстан мен Қырғызстан иеленеді, сәйкесінше 31 және 30,1 млрд теңге.

Америка Құрама Штаттарынан Қазақстанға жіберілетін ақша аударымдарды да едәуір ұлғайып, 19 млрд теңгені құрады.

Хабар 24 телеарнасы