432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан аумағында теракт ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

  • 728
  • UPD: 16:22, 18.02.2020
Қазақстан аумағында теракт ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

2020 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен қамауға алды.

Олардың мекен жайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейнетүсірілімдері бар смартфондар алынды.

Көрсетілген адамдарға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынған адамдар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған.

Тергеу жалғасуда.

Ақпарат көзі: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы