445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды

  • 271
  • UPD: 17:44, 20.02.2020

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көпсалалы кешенді аралап, лаборатория және бөлімдердің жұмысымен танысты. Орталық 2011 жылы Елбасы тапсырмасымен іске қосылып, Азия аймағында алдыңғы қатарлы емдеу мекемелерінің біріне айналды. Әсіресе, заманауи құрал-жабдықтарымен ерекше. ТМД кеңістігінде кездеспейтін хирургиялық аппараттары да бар. Мұны Президент те атап өтіп, медицина қызметкерлерінің игілікті ісіне табыс тіледі. Сонан соң орталықтың сәтті жүзеге асқан жоба екенін тілге тиек етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бұл орталықты озық әрі бірегей медициналық мекеме деп айтсақ артық болмайды. Шын мәнінде әлемде мұндай орталықтар көп емес. Бұл - Елбасының арқасында жүзеге асқан жоба. Сондықтан жұмыстарыңыз табысты болсын деп айтқым келеді.

Мемлекет басшысы ең маңыздысы, ғимарат емес, мамандардың біліктілігі және жұмыс нәтижесі деді. Себебі мұнда дертіне шипа іздеген жандар көп келеді. Сондықтан белгілі хирург Юрий Пя басқаратын мекеме науқастарды емдеу және диагностика жасау процесіне инновациялық әрі цифрлық технологияларды енгізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы