439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Іле ауданында мектептен ашылған кадет класы оқушыларға оң әсер етті

  • 304
  • UPD: 16:26, 23.02.2020

Биылғы оқу жылында Алматы облысының Іле ауданындағы №7 орта мектепте ТЖД-нің кадеттер сыныбы ашылған болатын. Содан бері ондағы оқушылар министрлік бекіткен пәндермен қатар азаматтық қорғаныс саласына қатысты сабақтарды да оқып келеді. Жарты жылдың ішінде жаңа жүйе өз нәтижесін бере бастады дейді саладағылар. Балалар еркеліктен гөрі еркіндікке, бұзықтықтан гөрі тәртіпке үйреніп келеді екен.

Бұл оқушылардың қатарластарына қарағанда киім үлгісі ғана емес, оқу жүйесі де өзгеше. Бесінші сыныптың балаларына аптасына бір рет ТЖД мамандары сабақ береді. Сын сағатта тосылып қалмауы үшін сақтық шаралары үйретіліп, алғашқы медициналық көмек іс жүзінде көрсетіледі. Енгізілген жаңа жүйе жасөспірімдерге оң ықпал еткен. 

Шыңғыс Тұрғанжанұлы, кадет сыныбының оқушысы:

- Осы кадет сыныбына түскелі бері дисциплинаға үйрендім, яғни саптық дайындық шагать ету деген бір бөлек оны да үйрендім. Және қоян қолтық шайқас үйірмесіне қатысып, одан жарысқа бардым. Және де осы автоматты шашып жинадық, тир аттық. Осы кадетке түскелі бер менің өмірім өзгерді. 

«Жас өрт сөндіруші» - «Смарт сарбаз» сыныбындағылар түске дейін жалпыға ортақ пәндерді оқиды. Ал одан кейін арнайы сабақтарға ден қойып, әскери оқу-жаттығуға кіріседі.   

Ертай Андосов, кадет сыныбының жетекшісі:

- Әскери сабақ тақырыбына, саптық дайындық, азаматтық қорғаныс, атыс дайындығы, тактикалық дайындығы өтеді. Және де ҚР Қарулы күштерінің жарғыларымен сол тақырыптарды өтеді. 

Республика бойынша ең алғашқы кадет сыныбы 2017 жылы Алматы облысында ашылған еді. Іле ауданынан басталған үрдіс жалғасын тауып, Қапшағай, Талдықорғандағы білім ордаларына да жаңа жүйе енгізілді. Бүгінде өңірдегі 400-ден аса бала әскери тәртіппен тәрбиеленіп жатыр.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы