431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


24 ақпанда ауа райы қандай болады

  • 675
  • UPD: 15:56, 23.02.2020
24 ақпанда ауа райы қандай болады

Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары қысым аумағының ықпалында болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың батыс, оңтүстік, шығыс бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді, сонымен байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел бұрқасынмен күшейеді. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 18 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола, Алматы, Қызылорда, Манғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы