411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шұғыл. Өскеменде ұшақ апатқа ұшырады

  • 781
  • UPD: 16:02, 26.02.2020

Өскемен маңындағы Прапорщиково ауылында «Орлан 2000» жеке компаниясына тиесілі ұшақ апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Алдын ала мәлімет бойынша санитарлық қызмет ұшағының бортында 5 адам болған. Барлығы аман.

Өскеменнен Семей қаласына бағыт алған әуе кемесі әуежайдан шыққан бойда апатқа ұшырағанға ұқсайды. Өйткені, Прапорщиково ауылы дәл сол Өскемен халықаралық әуежайына тиіп тұр.

Олжас Керейхан, тілші:

– Өскеменнен Семей бағытына ұшып шыққан деген алдын ала мәлімет бар. Бірақ, ол ресми расталған жоқ. Ұшақтың құлағынын ШҚО әкімінің баспасөз қызметкері Айгүл Базарова растады. Ал өзге де құрылымдар әзірге мәлімет берген жоқ. Біз дәл қазір апат болған жерден 1,5 шақырымдай жерде тұрмыз. Жолдың бойы толық жабылған.

2019 жылы болған әуе апаттары

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

 

Хабар 24 телеарнасы