411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі ұшақ апатының себебі анықталды

  • 385
  • UPD: 17:50, 26.02.2020

Өскемен маңында апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағында болған 5 адам да дін аман, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар апат орнынан жедел ауруханаға жеткізіліп, денсаулығы толық тексерілген соң, төртеуі үйлеріне жіберілді. Ал бір адам жарақатына байланысты ауруханаға жатқызылды.

Владимир Ли, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Ауруханаға жатқызылған зардап шегушінің бұғана сүйегі зақымданған.Дегенмен ұшақтың осындай қауіпті қону сәтін ескерсек, жеңіл жарақат деп қарауға болады. Сондықтан біздің дәрігерлердің жіті бақылауында.

Рафаэль Халитов, қалалық санитарлық авиация бөлімінің меңгерушісі:

– 10 минуттай қалыпты жағдайда ұштық. Содан кейін қозғалтқыштан ақау шықты. Ұшқыш жазық даладағы қалың қарға шұғыл қона бастады.Осылайша ұшақ аударылып, өрт шықты. Аударылар кезде барлығымыз қауіпсіздік белдігімен болдық. Бірден шешіп, есіктен шығып, қауіпсіз аймаққа жүгірдік. Осылай аман қалдық.

Хабар 24 телеарнасы