447,59 487,00 5.74

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореядан елге қайтуды ойлайтын қазақстандықтар саны артты

  • 255
  • UPD: 12:51, 27.02.2020

Оңтүстік Кореяда коронавирус өршіп тұр.

Індет ошағына айналған Солтүстік Кенсан провинциясы мен Тэгу қаласына шұғыл шаруаларды реттеу үшін ел президенті Мун Чже Ин барды.

«Хабар 24» меншікті тілшісі Владислав Цой қазір бізбен тікелей байланыста. Владислав, армысыз, елдегі қазіргі ахуал қандай? Өзіңізден білсек дейміз.

Оңтүстік Кореядан Қазақстанға кетіп жатқан отандастарымыздың саны артты ма? Жалпы олардың жағдайы қалай?

Владислав Цой, тілші:

Бүгін таңертең Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған тағы 334 адам тіркелді. Осылайша дертке шалдыққан науқастардың жалпы саны 1595-ке жетті. Олардың басым бөлігі Солтүстік Кёнсан мен Тэгу қаласында. Ал қайтыс болғандар саны артты. Індеттен он үш адам көз жұмған. Он үшінші жағдай туралы айтсақ, қайтыс болған науқас 74 жастағы ер адам. Тэгу қаласының тұрғыны бүгін таңертең ауруханаға жеткізілді. 3 сағаттан бұрын ол қайтыс болды. Қария Синчонджи діні ағымының өкілі болды. 24 тұрғын дертінен сауығып шықты. Жергілікті билік митинг ұйымдастыруға шек қойса да, аймақтағы оппозиция бұл тыйымды елемей отыр. Бүгін Кванхвамун алаңына наразылар тағы жиналды. Олар елде коронавирустың таралуына Корея Үкіметін кінәлап, басшысы отставкаға кетсін талап етуде.

Кореядан кетіп жатқан қазақстандықтардың саны артып келеді. Олардың арасында еңбек мигранттары бар, өйткені көптеген зауыттар короновирус әсерінен жұмысын тоқтатты. Студенттер де кетіп жатыр, себебі COVID-19 салдарынан олардың демалыстары екі аптаға ұзартылды. Таңғы самал елінде отыз мыңнан астам қазақстандық бар. Қазақстан мен Корея арасындағы рейстер санының азаюына байланысты отандастарымыз эпидемия зардап шеккен аймақты тастап кете алмаймыз деп алаңдауда. Бүгін біз Қазақстан азаматы Айна Мохамедкерімовамен кездестік. Ол коронавирусты жұқтырмау үшін отбасымен елге оралуға көздеп отыр.

Айна Мұхамедкерімова, Сеул қаласының тұрғыны:

- Тек кеше ғана бір күнде біздің мен тұратын осы ауданда тоғыз адамда коронавирус бар екені белгілі болды. Өте-өте қорқынышты. Енді, әрине, жағдай одан сайын ушығып жатса, біздің Қазақстанға оралғымыз келеді, өйткені бұл жер үйде қамалып отырамыз. Қауіп болып жатса, амал жоқ, Қазақстанға ораламыз.

Владислав Цой, тілші:

- Айта кетейік, Сеулде бетперде тапшылығы байқалады. Оларды таңертең дәріханада немесе интернеттен сатып алуға болады. Сонымен қатар олар бір реттік, сондықтан оларды күн сайын ауыстыру керек. Бүгін мен өзіме интернеттен 66 долларға жиырма дана бетперде сатып алдым.

Хабар 24 телеарнасы