445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 18 жасқа дейін балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

  • 1136
  • UPD: 15:21, 27.02.2020
Елордада 18 жасқа дейін балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Елорданың 18 жасқа дейінгі тұрғындары қоғамдық көлікте тегін қатынайтын болады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жаңашылдық наурыз айының соңында енгізіледі.

Бұл туралы «CTS» басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов хабарлады. Бірақ кәмелеттік жасқа толмаған балалар құны 500 теңге болатын жеңілдік картасын алуға міндеттеледі.

Яғни әр сапар сайын валидация жасауы тиіс. Осылайша, компания жолаушылар тасымалын бақылай алады. Бұған дейін балаларға жолаушылар ақысының тең жартысын төлеу міндеттеліп келген. Жеңілдікті қала маңындағы ауыл балалары да пайдалана алады.

Бүгіннен бастап «Astana LRT» компаниясының атауы өзгерді.

Хабар 24 телеарнасы