445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл соңына дейін 250-ден аса тұрғыны бар елді мекендер сапалы интернетпен қамтылады

  • 213
  • UPD: 15:07, 28.02.2020
Жыл соңына дейін 250-ден аса тұрғыны бар елді мекендер сапалы интернетпен қамтылады Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды, инновациялық экожүйені және адами капиталды дамыту, экономика салаларын цифрландыру жұмыстарымен танысты. Асқар Жұмағалиев жыл соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендердің барлығы жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтылады деді. Сонымен қатар қалаларды цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздік бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды, инновациялық экожүйені және адами капиталды дамыту, экономика салаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысына 250-ден асатын тұрғыны бар елді мекендердің барлығы осы жылдың соңына дейін жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы