423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған мерекелік іс-шаралар өтпейтін болды

  • 1249
  • UPD: 16:45, 02.03.2020
Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған мерекелік іс-шаралар өтпейтін болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында қауіпсіздік мақсатында әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралардың өтпейтінін хабарлады.

«Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», – деді Мемлекет басшысы өз жазбасында.

Хабар 24 телеарнасы