432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығады

  • 1440
  • UPD: 14:01, 03.03.2020

Семей соты «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

Мұндай шешімді 2-ші қалалық соттың судьясы шығарды. 

Еске сала кетейік, М.Жәкішев 2010 жылы  өзіне сеніп тапсырылған мүлікті қолды қылғаны және жемқорлық үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қазіргі таңда ол кесілген жазаның 10 жыл 9 айын өтеді.

2018 жылы Жәкішевті Семейдегі ОВ-156/14 колониясына ауыстырды. Бұған дейін ол Алматы облысындағы Заречный ауылында және Қарағанды облысындағы Долинка елді мекеніндегі түрмеде отырды.

Хабар 24 телеарнасы