423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдік аренада ел абыройын асқақтатқан аруларымыз мақтан тұтуға тұрарлық

  • 705
  • UPD: 08:31, 09.03.2020

Әлемдік аренада ел абыройын асқақтатқан спортшы аруларымыз аз емес. Қазақстаннан қарсылас таппай құрлықта оза шапқан дзюдошы Гүлжан Исанова мен ауыр атлет Гүлназ Наурызоваларды кейінгі жастар біле бермеуі мүмкін. Олар қазір өздерінің тәжірибесін ізбасарларына үйретіп, бапкерлікке бет бұрған.

Татамиде талайлардың тізесін дірілдеткен дзюдошы Гүлжан Исанова үлкен спортта біраз белесті бағындырды. Болмысы бөлек батыр қыздың жеткен жетістіктерін тізіп шығу мүмкін емес. Тек Олимпиада жүлдесі бұйырмады демесеңіз, байрақты бәсекелерден қоржыны бос қайтқан емес. Бір өкініштісі, Лондон Олимпиадасында бабында бола тұра бағы жанбай қалды.

Гүлжан Исанова, дзюдодан Азия чемпионы:

- Сол елдің спортшысымен күрестім екінші кездесуімде. Ұтып жаттым да 15 секунд қалғанда кезде  жеңісті қолдан беріп қойдым. Егер де сол спортшыны ұтқан кезде ар жағынан жапон мемлекетінің спортшысымен оны  ұтсам да, ұтылсам да келесі кездесуім украиналық спортшы қыз болатын. Ол қызбен енді талай рет кездескем. Үшінші орынға сол қызбен кездесуім керек еді, бірақ оған жетпей қалдым. 

Үлкен спортпен қош айтысқан Гүлжан қазіргі таңда ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі. Болашақта шәкірт тәрбиелеп, Олимпиада чемпионын шығарсам деген арманы бар. 5 жасар қызы Айша да спортқа бейім екен. Анасына сан түрлі сауалдар қойып, қазірден бастап дзюдоның қыр сырын білгісі келеді. Бұрын 8 наурыз мерекесін жаттығу залында қарсы алатын едік. Қазір отбасымен өткіземіз дейді спортшы.

Гүлжан Исанова, дзюдодан Азия чемпионы:

- Құрметті қазақ елінің аналары апайлары сіңілілерім. Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Басты дендеріңіз сау болсын, отбастарыңыз аман болсын! Еліміз аман жеріміз тыныш болсын! Спортшы қыздарға тек қана жеңіс тілеймін!

Тау көтерген толағайларымыздың бірі Гүлназ Наурызованың талантына да бір кездері талайлар таңдай қаққан. 17 жасында құрлық мықтыларымен иық тірестірген  Гүлназдың болашағынан мамандар зор үміт күткен. Алайда, ауыр жарақат алған Наурызова үлкен спорттан кетуге мәжбүр болды. Қазір Гүлназ фитнес клубта бапкер болып жүр.

Гүлназ Наурызова, ауыр атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы:

- Ауыр атлетика атыда айтып тұр ғой ауыр. Бапкер болу оңай емес. Оңай тірлік емес ол. Қанша еңбек тер кетеді. Кішкентай балапан кезінен жаттықтырып оны үлкен дәрежеге жеткізу өте қиын. Мен жеткізе алмаймын ба деген ондай ойым болған жоқ. Мүмкін болатын еді.  Жаттықтыра алатын едім. Бірақ СКЛ. өзімнің қалауым  болды фитнес орталығында жаттықтырушы болу.

Дене тәрбиесі денсаулық кепілі деп білетін Гүлназдың енді жеке спорт клубын ашып, мүмкіндігі шектеулі жандарды және жағдайы жоқ отбасылардың балаларын тегін жаттықтырсам деген жоспары бар. Бір кездері көк туымызды биіктен желбіреткен талантты аруларымыз үлкен спорттан кеткен соң тасада қалып қоятыны өкінішті. Білекті де жүректі ыздарымыздың өскелең ұрпаққа әлі де берері көп екенін ұмытпаған жөн.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев, Радик Жакупов

Хабар 24 телеарнасы