412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның екі азаматынан коронавирус анықталды

  • 999
  • UPD: 15:25, 13.03.2020

Коронавирус жұқтырды деген екі азамат та Алматы қаласында болған.

Олар Германиядан келген. Біреуі – ер, екіншісі – әйел адам. Қазір науқастар Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылды.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Қазір мамандар сол адамдармен бір ұшақта отырған 12 жолаушыны және науқастардың туған-туысқандарын тексеріп жатыр. Яғни олар да 14 күн дәрігерлердің бақылауында болады.

Ведомство басшысы: «қауіпті індет жұқтырғандарды емдеуге кірістік», – дейді. Олардың жағдайы қалыпты екен.

Министрдің айтуынша орталық залалсыздандыру құралдарымен толық жабдықталған. Қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті. Сондықтан министр елді дүрлікпеуге шақырды. Сондай-ақ Алматыда төтенше жағдай жарияланбайтынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы