447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталды

  • 264
  • UPD: 20:24, 13.03.2020

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған бір адам тіркелді. 

Ол бойжеткен Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға 12 наурызда келген. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«Лабораториялық сараптама бойынша коронавирустық инфекция анықталды. Ол әуежайдан тікелей карантинге жатқызылды», - деді министр.

90 жолаушы бірге келген. Олар тізім бойынша анықталып, карантинге алынады.

Коронавирус анықталған тағы бір қазақстандық қазір Германияда. Бұл ақпаратты ҚР СІМ баспасөз қызметі растаған. Осылайша төрт қазақстандықтың індет жұқтарғаны анықталып отыр.

Бұған дейін Алматы қаласында алғашқы екі коронавирус жағдайы анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Коронавирус жұқтырды деген екі азамат та Алматы қаласында болған. Олар Германиядан келген. Біреуі – ер, екіншісі – әйел адам. Қазір науқастар Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылды

Қазір мамандар сол адамдармен бір ұшақта отырған 12 жолаушыны және науқастардың туған-туысқандарын тексеріп жатыр. Яғни олар да 14 күн дәрігерлердің бақылауында болады.

Хабар 24 телеарнасы