412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны төрт адамға жетті

  • 493
  • UPD: 07:28, 15.03.2020

Германиядан 13 наурыздағы рейспен ұшып келген жолаушылардың тағы бірінен коронавирус анықталды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

ҚР ДСМ өкілінің мәліметінше, коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы 1976 жылы дүниеге келген. Жолаушы Германиядан Алматыға қонған ұшақта болған. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып табылады.

Сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерде коронавирусқа шалдығып, Германиядағы клиникада ем алып жатқан тағы бір Қазақстан азаматы бар.

Брифинг. Нұр-Сұлтандағы коронавирус инфекциясы туралы жағдай

Хабар 24 телеарнасы