413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

  • 1043
  • UPD: 13:00, 17.03.2020

Елімізде тағы 3 адамнан короновирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау минстрлігі үш деректің де Алматыда тіркелгенін мәлімдеді.

Осылайша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 13-ке жетті. Оның 11 Алматыда, ал, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында. Соңғы мәліметтер бойынша арнайы карантинге жатқызылған адамдар саны – 1536. Ал 1094 адам үй жағдайында карантинде. Медициналық қадағалауға алынғандардың жалпы саны 2097 адамды құрайды. 

Диас Ахметшәріп, ҚР денсаулық сақтау минстрлігінің ресми өкілі:

– Бірінші жағдай – 2018 жылғы қыз. Ол 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы рейсімен ұшып келген болатын. Қазіргі уақытта ол Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Екінші жағдай – 1966 жылғы ер адам. Ол 10 наурызда Алматыға Мәскеуден ұшып келген. Үшінші жағдай – 1956 жылға ер адам, ол да Мәскеуден ұшып келген.

Бұған дейін 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен келген бойжеткеннен коронавирус анықталғанын мәлімдегенбіз. 

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға жетті

Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавируске байланысты төтенше жағдай енгізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұма намазға қатысты үндеу жариялады

Төтенше жағдай кезінде елордадағы нысандар қалай жұмыс істейді

Қолма-қол ақша коронавирус тасымалдауы мүмкін – мамандар

Ірі сауда нысандары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгереді

Хабар 24 телеарнасы